RU

Алматыда азық-түлікті арзан бағамен қайдан сатып алуға болады? (фото)

Жаздың соңғы айының басталуына бірер күн қалғанымен ірі қалалардағы жеміс пен көкөністің бағасы арзандай қойған жоқ. Олардың қазіргі уақыттағы құнын білу үшін NUR.KZ тілшісі көтерме сауда орталықтары мен базарлардағы, сауда маркеттеріндегі бағаларды салыстырып көрді.

Алматыдағы ең ірі азық-түлік "Алтын орда" базарындағы баға, әрине қала орталығындағы бағалардан әлдеқайда арзан. Мысалы, мамыр айының аяғынан бастап халық көптеп тұтынатын жүгері собығының бағасы 20 теңгеден басталады екен.

Бұл шаруалардың шикі жүгеріге нақты белгілеп қойған бағасы емес. Базардағы саудаға қарай осы мезгілде оның бағасы тағы 20 теңгеге көтерілуі де мүмкін.

Ал базар саудагерлері егіншілердің өзінен алған жүгерінің көтерме бағасына 15-30 теңге аралығында қосып, мынадай етіп даналап саудалайды.

Қайнатылған жүгері собығының өзі Алматыда  50 теңгеден басталады. Әрине бұл базардағы баға. Ойын-сауық орталықтарында тура осындай жүгері собығы 400 теңгеге дейін көтеріледі.

Жаз мезгілінің соңғы айларында қарбызға деген сұраныс көбейе түседі екен. Оны саудагерлердің өзі де жақсы біледі. Базардағы қарбыздың келісі 20-30 теңге аралығында. Бұл алыпсатарлардың белгілеген бағасы. Ал қауынның бір келісі 35 теңге.

Алыпсатарлар 2-3 күннен бері сатылмай жатқан қарбыздардың данасын 100 теңгеден сатып отыр.

Ал қаланың орталық көшелерінде сатушылар қарбызды осы базардан тасымалдайды.

Қысқа жаздың дәмін дайындайтындар хош істі бұрышты көп пайдаланады. Көтерме базардағы оның  бағасы 45 теңгеден басталады. Бұл бағаны да алыпсатарлар белгілеген.

Ал сауда маркеттеріндегі бұрыштың бағасы - 105 теңге.

Көтерме сауда маркетіндегі қауынның келісі базардағы бағадан екі есе қымбат екен.

Қарбыз 39 теңгеден сатылып жатыр.

Базар маңындағы жол жиегінде қарбыз бағасы 40 теңге болса, қауынның келісі 70 теңгеден екен.

Тас жолдардың бойындағы қарбыз бағасы 50 теңгеден басталады. Ал қауынның келісі - 80 теңге. Қияр мен қызанақтың бағасы базарларда 50 теңгеден басталса, көтерме сауда маркеттерінде қызанақ 285, ал қияр 95 теңгеден сатылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/834275-almatydaghy-kokonister-men-zhemisterd.html