RU

Ресейден теңіз қиярын ұрламақ болған қытайлықтар өсімдікті бәтеңкелерінің ішіне жасырған

Уссурийск кеден бекетінде Қытайдың 2 азаматы ұсталды. Шетелдіктерді тексеру барысында олардың 8 келіден астам кептірілген теңіз қиярын іш киімдеріне жасырып шекарадан өтпек болғандары анықталды деп хабарлайды 24.kz.

Олар жеуге жарамды теңіз өсімдігін бәтеңкелерінің іші мен шалбар астына да тықпалаған екен, деп хабарлайды Қиыр Шығыс кеден басқармасының баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде декларациядан өтуі тиіс заттары болмаса да, біртүрлі қипақтай берген қытайларды қырағы кеденшілер байқап қалған.

Олар металл іздегіштен оңай өткенімен, жекелеп тексеру барысында шетелдіктерден кептірілген теңіз қияры салынған 12 шағын қалта табылыпты, деп жазады gazeta.ru.

Енді құқық бұзушылар жергілікті және Кеден одағының заңдары бойынша жауап береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/834429-reseyden-tenhiz-qiyaryn-urlamaq-bolghan.html