RU

Қытайлықтар семіз балаларды емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Қытай ғалымдары балалардың артық салмақ жинауының алдын алуға көмектесетін жаңа әдіс ойлап тапты.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Шанхай, Гуанчжоу және Ухань сияқты ірі мегаполистердегі зертханалар мен медициналық орталық қызметкерлерінен құралған зерттеушілер тобы балалардың артық салмақ жинауының басты себептерінің бірі ішек микрофлорасы теңгерімінің бұзылуы деп есептейді.

Ғалымдар экспериментке қатысушыларды туа біткен салмақ ауытқушылығы бар және ондай ауытқушылығы жоқ екі топқа бөлді. Балардың барлығы арнайы диетамен тамақтанды: олардың рационына қалыпты тағамнан бөлек, арнайы ішек бактериясы қосылды. Бағдарламаның ерекшелігі оның мерзімінде болды.

Ауытқушылығы жоқ балалар бір ай, ал бұлшық ет тонусының төмендігінен дене салмағы артуға бейім Прадера-Вилли синдромы бар балалар диетаны үш ай ұстады. Зерттеу нәтижесі бойынша, екі жақ топтың да тәбеттері төмендеп, салмақтары азайып, жалпы денсаулықтары жақсарған.

Ғалымдар мәлімдегендей, оған олардың ішек миклофлорасы теңгерімінің қалпына келуі ықпал еткен. Мамандардың пікірінше, эксперимент нәтижелері келешекте метаболизм бұзылуын емдеу әдістерін әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/834640-qytaylyqtar-semiz-balalardy-emdeudi.html