RU

Қазақстан Айымбетовтың ғарышқа сапарын Ресейге Байқоңырдың жал ақысы есебінен өтейді

Қазақстан Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқаны үшін Ресейге төленуі тиісті $20 млн қаражатты 2016 жылы Байқоңырдан жалға алынатын ақысы есебінен өтей алады, деп мәлім етті Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш агенттігінің төраға орынбасары Еркін Шаймағамбетов. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Шаймағамбетовтың айтуынша, А. Айымбетовтың ғарышқа ұшырылуы үшін Қазақстан 1,1 млрд ресейлік рубль (шамамен $20 млн) төлейді, ол 10 күндік ғарыш сапары үшін төленетін ең төменгі құн.

«Осы шығын 2015 жыл бюджет шығындарында қарастырылмағаны себепті, оны ресейлік тарапқа 2016 жылы төлеу және Байқоңырды жалға беру ақысының есебінен, және басқа да көздерден төлеу мәселесі талқылануда», - деді Шаймағамбетов сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Айдын Аймағамбетов ғарыш стансасының бортынан Қазақстан туралы айтып береді.

«2017 жылы ЕХРО көрмесі болады, сондай-ақ біз Қазақстан мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтеміз, және біздің ғарышкердің жұмыс жоспарында осы оқиғалар туралы бүкіл әлемге халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортыннан айтып беру қарастырылған», - деді Е. Шаймағамбетов.

Сондай-ақ ол, Айымбетовтың ғылыми бағдарламасында ғарыштық мониторингі мен биомедицина саласындағы он тәжірибе қарастырылғанын айтып кетті.

Өз кезегінде «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар ұлттық орталығы» АҚ (ҒЗЖТ)президенті Жұмабек Жантаев ғарышта Айдын Айымбетов нақты немен айналысатынын айтып берді.

«Ол Каспий өңірінің – жағалау мен теңіз айлағын – көмірсутектерімен ластануын зерттеу және мұнай құбырларына мониторингі жасау. Сондай-ақ ғарыштық бомедицина және ғарыштық биотехнологиялар саласында Айымбетов өзінің ағзасына гамма-сәулелердің ықпалын зерттейді. Оның үстіне ғарышкерлер Қазақстанда дайындалған азық-түлік тағамдарынан дәм татады, оның ішінде айран, ірімшік пен қазақша ет бар», - деді спикер.

Еске салсақ, Айдын Айымбетовтың ХҒС-қа ұшуы 2015 жылғы 2-12 қыркүйекке жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/834645-qazaqstan-ayymbetovtynh-gharyshqa-sapa.html