RU

Қырғызстанда депутаттық мандатты $1 млн-ға сатып алуға болады

Қырғызстан парламентіне алда болатын сайлауда депутаттық мандатты $1млн-ға сатып алуға болады, деп хабарлады ҚырТАГ агенттігі.

«2010 жылмен салыстырғанда ставкалар еселеп өсіп кетті. Бірінші бестіктегі орын үшін (үміткерлердің тізімі – ҚазТАГ) $1 млн ұсынып отыр. Алғашқы ондықта да сондай шығар. Бірақ ол жекелеген таңдаулы партияларда. Әдетте такса $200 мың мен $500 мың аралығында», - деп мәлім етті сәрсенбі күні Жогорку кенеш депутаттарының бірі.

БАҚ мәліметтерінше, 2010 жылы депутат орны $300 мың тұрған.

Парламентарий түсіндіргендей, мандат алудың басқа да жолы бар. «Егер 7 мың дауыс жинасаңыз, тізімде жүзінші болсаңыз да, сайлаудан соң 5 немесе 6-шы орынға «секіріп» шығасыз», - деді ол.

Еске салсақ, Жогорку кенеш депутаттарын сайлау 2015 жылғы 4 қазанға тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/834711-qyrghyzstanda-deputattyq-mandatty-1-ml.html