Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте салмағы 60 келілік "бүркітті" ұрлап кетті

Опубликовано:

Шымкенттегі дендробақта тұрған бүркіттің мүсіні қолды болды. Әлдекімдер салмағы 60 келіден асатын ескерткішті түбінен кесіп, алып кеткен.

Шығын көлемі – 300 мың теңге. Саябақ қызметкерлері мұндай ауыр заттың кімге қажет болғанын түсіне алмай дал болып отыр.

Тастан қаланған тұғырдың үстінде тұрған бүркіттің мүсінін екі метрден асатын қоршаудан қалай асырып алып кеткені де белгісіз. Ұрылардың бұл әрекеті дендробақтағы 12 камераның бірде-біреуіне түспеген. Қазір күзет күшейтілді. Себебі ұрланған бүркіттің қасында тағы алып тау арқары сияқты бірнеше аң құстың мүсіні бар.

"Ол бетоннан жасалған, сырты қоламен сырланған. Темір не басқа да зат емес өзге нәрсеге кәдеге жаратындай. Оны қайта сату үшін алған шығар деп ойлаймыз", - дейді Шымкент мемлекеттік Дендрологиялық саябағы директорының орынбасары Марат Шымырбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/835180-shymkentte-salmaghy-60-kelilik-burkitti-u/

pixel