RU

Әйгілі италиялық актриса орыс олигархын ұнатқан соң, Ресей азаматтығын алмақшы

Француздың 66 жастағы актері Жерар Депардьенің соңынан 60-тағы итальян актрисасы Орнелла Мути де Ресейдің азаматтығын алмақшы болып жатыр.

Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Актриса өзінің анасы орыс қызы болғанын жасырмайды. Ал нағашы атасы мен әжесі Санкт-Петербургте туған. Бірақ барлық мәселе мұнда емес. Қазір баспасөз киножұлдызының орыс олигархымен махаббат құрып жүргенін талқылап жатыр.Әртістің жоспарында енді Мәскеуден ресторан ашу бар көрінеді.

Еске сала кетейік, басында Жерар Депардьенің Ресей азаматы атанғысы келіп жүргені жай қалжың сияқтанып көрініп еді, аяғында бәрі шынға айналған. Ол 2012 жылдың соңында өз елінде «байлар үшін салық» тәртібі енгізілген кезде француз азаматтығынан бас тартатынын мәлімдеген болатын.

«Мен енді ешқашан пайдаланбайтын паспортым мен әлеуметтік қамсыздандыру нөмірімді өткіземін. Енді менің сіздермен ортақ отаным жоқ. Мен өзімнің әкем үйреткендей, нағыз еуропалықпын, әлем азаматымын», – деген Депардье Бельгияға барып қоныс тепті. Сосын Путиннің көмегімен Ресей азаматтығын алды.

Қазір оның жылжымайтын мүліктері Ресей аумағында да бар. Бәлкім, Орнелла да жаңадан ресейлік атанатын белгілі адамдардың қатарын толтыратын шығар. Мұны енді уақыт көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/835317-aygili-italiyalyq-aktrisa-orys-oligar.html