RU

Ресейде Ақжарқын Тұрлыбайдың кебін киген бойжеткенді өлім жазасынан құтқаруға тырысуда

Ресейлік Мария Даприка есімді бойжеткен қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай секілді нигериялық мафияның құрбанына айналды. Отандастары Вьетнамда өлім жазасына кесіліп жатқан Марияны құтқарып қалуға тырысуда.

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Бойжеткенді өлім жазасынан аман алып қалу үшін ВКонтакте тобында Марияның заңды бұзбайтын жақсы адам екенін растағысы келетін таныстарына сұрақтарға жауап беріп, анкета толтыру бастамасы қолға алынған.

Сауалнамадан алынған ақпаратты жүйелеп, Въетнам заңына сәйкес, өлім жазасынан құтылуға мүмкіндік беретін толыққанды мінездеме ретінде ұсыну жоспарлануда.

Ресейлік БАҚ 28 жастағы Мария Дапирканың 2014 жылы Хошиминде 3 кг кокаин алып өтпекші болған жерінде құрықтағанын жазған.

Белгілі болғандай, бойжеткен соңғы жылдары Таиландта тұрып, Нигерия тумасына тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген. Жақындары Марияның өзін футболист ретінде таныстырған нигериялықтың тұзағына түскеніне сенімді.

"Әр түрлі сылтау айтып, Азия бойынша бойжеткендердің сеніміне кіріп алады. Ақыры байқаттырмай, жүктеріне есірткіні салып жібереді", - делінген ВКонтакте әлеуметтік желісінде.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Марияға ішінен есірткі шыққан шабаданды болашақ күйеуі сыйға тартқан.

Еске салсақ, дәл сондай жағдайда 20 жастағы қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық мафияның құрбанына айналған болатын.

Бойжеткенді Гуанчжоуда 2014 жылдың наурызында есірткімен құрықтап, кейін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/835651-reseyde-aqzharqyn-turlybaydynh-kebin-k.html