RU

Ақмола облысында жауған бұршақ дәнді-дақылдарға зиян келтірді

Ақмола облысының Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан бірқатар шаруашылықтың егістіктеріне зиян келді.

"Шілденің 26-27 күндері жауған нөсер жаңбыр мен бұршақтан Шортанды ауданының Бозайғыр және Новокубанка селолық окруктеріндегі он шақты шаруашылық зардап зардап шегіп отыр. Алдын ала есеп бойынша, табиғаттың тосын сыйынан барлығы 6339 гектар дәнді дақыл, 60 гектар майлы дақыл және 1 гектар картоп шығын болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Шортанды ауданы әкімдігімен арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/835665-aqmola-oblysynda-zhaughan-burshaq-dandi.html