RU

Алматы көшелерінде жаңа велосипед жолы пайда болады

Алматының Тимирязев көшесінде жаңа веложол пайда болады. Мамандар оның құрылысын биыл күзге дейін аяқтап бітуі тиіс деп хабарлайды Алматы арнасы.

Бұл құрылыс даттық сәулетші Ян Гейлдың жобасы бойынша іске асуда. Жаңа веложол ҚазҰУ қалашығынан бастап Манас көшесіне дейін созылады.

Сондай-ақ, бұл маңға жүргінші жолы төселіп, орындықтар қойылады. Ал көшеге бірнеше шам жарық түсіріп тұрады. Тың жобаны жүзеге асыруға 30 құрылысшы жұмылған.

«Тұжырымдамамыз бойынша келетін болсақ, веложол салынады. Оның ені 3 метр. Тағы жаяу жүргінші жол салынады. Ол да 3 метр болады. Сонымен қатар, жүргінші жолына шамдар қойылады. Бұл түнде қала қонақтары мен алматылықтардың еркін қыдыруына жол ашады», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/835751-almaty-koshelerinde-zhanha-velosiped-zho.html