RU

40 метр биіктіктен құлап, аман қалған жігіт әлем жұртшылығын таңғалдырды

Он жетінші қабаттан яғни қырық метр биіктіктен құлап, аман қалған жігіт әлем жұртшылығын таңғалдыруда деп жазды 24.kz.

Әлем халқын таңқалдырған бұл жайт Чилидің Ранкагуа қаласында болған. Жолы болғыш бозбаланың тек аяғы сынған екен.

Оқиға жақын маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әлгі жігіттің айтуынша, ол достарымен бірге түнгі клубқа барыпты. Үйіне таңға жуық оралған соң таза ауамен демалмақ болып, самалдыққа шыққан.

Өзін батыр сезініп, жақтауға отырған бойда тепе-теңдікті сақтай алмай, 17-қабаттан құлап кеткен.

"Жерге қалай құлап бара жатқаным ғана есімде қалыпты. Бейнебір түс көргендей болдым. Көзімді ашсам, ауруханада жатыр екенмін", - дейді зардап шегуші Себастьян Рейерс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/835858-qyryq-metr-biiktikten-qulap-aman-qalgh.html