RU

Ақтауда ер кісі 23 жастағы бойжеткенді зорлады деп күдіктелуде

Ақтауда бойжеткен бейтаныс ер кісінің пәтеріне қонаққа барған. Зардап шегушінің сөзіне сенсек, ер кісі пәтерде оны зорлап, соққыға жыққан.

Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

23 жастағы облыс орталығының тұрғыны Ақтау ІІБ-не ер кісінің үсітнен арыз түсірген.

Оқыс жағдай 28 шілде күні Ақтаудың 11 ықшамауданында болған. Бойжеткеннің айтуынша, оны ер кісі 8б үйінде орналасқан пәтеріне шақырып, тиісе бастаған. Кейін соққыға жығып, зорлаған.

Факті бойынша 30 жастағы Ақтаудың 4 ықшамауданының тұрғыны қамауға алынды. Ер кісі бойжеткеннің жыныстық қатынасқа өз қалауымен түскенін алға тартты. Тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ақтау ІІБ мәліметіне сәйкес, соңғы айда 6 тұрғын зорланғаны туралы арыз түсірген. Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмағандар жоқ. Арыз түсіргендердің дені 20-25 жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/836022-aqtauda-er-kisi-23-zhastaghy-boyzhetkendi-z.html