RU

Астанада 11 қабаттан секіріп кеткен оқушылар "готтар" сектасына мүше болған

ІІМ-нің аса маңызды істер бойынша тергеу департаментіндегі аға тергеуші Арман Матжанның айтуынша, осы жылдың наурызында Астанадағы көпқабатты үйден секірген екі жеткіншек "готтар" сектасына мүше болған.

Бұл туралы "Новости-Казахстанға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл жағдайда кәмелетке толмаған жеткіншектердің "готтар" сектасына мүше болғандары анықталды. Олар интернет арқылы өмірдің еш мәні жоқ деген сияқты ақпарлар алып отырған. Осылайша жеткіншектер өз өмірімен қош айтысуға бел буған", - дейді Матжан баспасөз конференциясында.

Ол қазіргі уақытта өлімге қатысты ақпарды таратқандардың кім екендігі анықталып жатқанын мәлімдеді.

"Мұндай әрекеттерге итермелеген интернеттегі ақпарат болғандықтан, оның артында кім тұрғанын анықтау оңайға соқпауда", - дейді аға тергеуші.

Еске салсақ, наурыздың ортасында әлеуметтік желілерде екі жеткіншектің көп қабатты үйден секіріп кеткенін түсіріп алған куәгердің видеосы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/836086-astanada-11-qabattan-sekirip-ketken-zhet.html