RU

Жамбыл облысында полицейлер пара ретінде қой мен 50 мың теңге алған

Жамбыл облысы Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен аудандық екі полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жамқорлыққа қарсы агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Департаментке Сарысу ауданының тұрғыны  аудандық ІІБ  әкімшілік полиция бөлімінің бастығы А. мен учаскелік инспектор Ж. өзіне қатысты материалды оң шешіп беру үшін 50 мың теңге мен қой талап еткендігі жайлы шағымданды», - деп түсіндірді ведомствода.

Жамбыл облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері  Сарысу ауданы ІІБ Қамқалы ауылдық округі  полициясының учаскелік инспекторы  Ж.-ны  25 шілдеде 50 мың теңге мен қойды алып жатқан кезінде ұстады.

Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы А-ға және ІІБ учаскелік инспекторы Ж-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сол күні учаскелік инспектор Ж. Тараз ІІБ уақытша ұстау оқшаулағыышына қамалды, оған «кепіл» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс облыс прокуратурасының арнайы прокурорына өндіріске берілді, деп нақтылады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/836225-zhambyl-oblysynda-policeyler-para-ret.html