RU

Америкалық бапкер Геннадий Головкинді масқара етті (видео)

Америкалық боксшы Дэнни Гарсияның әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия Геннадий Головкин туралы жағымсыз пікірлерін жария етті.

Гарсия жерлесмізді ағылшын тілін нашар біледі деп сынап, оның күлкісін де мазақ еткен.

Сонымен қатар, америкалық бапкер Головкинді «иммигрант» деп атаған.

Ал Геннадий Головкиннің  промоутері Том Леффлер Гарсияға Генаның сөйлеу мәнерін сынға алғанша, бокстың мәселелерімен айналысуға кеңес берді.

Анхель Гарсия бұған да жауапсыз қалған жоқ.

«Егер Головкин күшті болса, өзін мықтылармен жұдырықтасып дәлелдесін. Олар оңай қарсыластарты таңдап, оңай жолмен жүруге үйренген», - деді америкалық бапкер.

Головкиннің келесі жекпе-жегі 17 қазан күні канадалық Давид Лемьемен өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/837973-amerikalyq-bapker-gennadiy-golovkin.html