RU

Петербургтік суретші әйел Халктың суретін кеудесімен салды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұратын суретші әйел "Зенит" футбол командасының шабуылшысы Халктің кескінін омырауының ұшымен салып шықты.

Бұл туралы livejournal.com хабарлады.

Қыл қалам шебері Ирина Романовская өзінің бразилиялық футболшыға деген ықыласын осылай білдірді.

"Жұмыс процесі өте қиын болды, себебі әдеттегі тәсілге қарағанда, кеудемен сурет салу күрделірек. Кейде келешек суреттің сыртқы пішіндерін қарындашпен белгілеп аламын. Алайда бояуды ылғи кеудемнің ұшымен жағамын", – деп жазды ол livejournal.com сайтындағы өзінің блогына.

"Халктың портреті үшін тек кеудемді пайдаландым. Мен сүйікті футболшымның бейнесін осылай жасап шығуды жөн көрдім", – дейді суретші.

Биылғы маусымда Халк "Зенит" құрамында екі рет алаңға шықты. Оларда үш гол салды (екеуі – пенальтиден).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/838262-peterburgtik-suretshi-ayel-khalktynh-su.html