RU

Шымкентте 8 жасар баланы көлік басып кетті

Шымкентте 8 жасар баланы көлік басып кетті, деп хабарлайды Otyrar.кz.

Кәгердің айтуынша оқиға 2015 жылдың 2 тамызы күні сағат 17:30-да «Отырар» шағын ауданы жақтағы «ІІМ мектебінің» аялдамасында болған.

Автокөлік қозғала бастағанда оның артқы жағында 8 жасар бала тұрған. Жүргізуші көлігін қолымен тоқтатпақ болды, бірақ ол алдымен артқы, содан кейін алдыңғы доңғалағымен баланы басып өткен.

Куәгердің мәлімдеуінше көлігін тұраққа қойған жүргізуші қол тежегішін тартпаған немесе ол істен шыққан болуы керек дейді.

"Автокөлік арыққа барып тоқтады. Бала жылап жатты, оның қазіргі жағдайын білмеймін. Жедел жәрдем шақырдық", - деп хабарлады куәгер.

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/838733-shymkentte-8-zhasar-balany-kolik-basyp-ke.html