RU

Ақмола облысында суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды

Ақмола облысында демалыс күндері суға батып кеткен 3 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Тамыздың 1-і күні сағат 17:15 минут шамасында Ақылбай ауылында Кіші шабақты көліне шомылмақ болған 1966 жылғы ер адам суға батып кеткен.

Іздестіру шарасына ТЖД жедел құтқару отрядының жеке құрамынан 4 қызметкер және 1 суда жүзу құралы жұмылдырылып, екі сағаттың ішінде ер адамның мәйітін жағаға алып шықты.

Сондай-ақ 2 шілде күні Зеренді ауданының Садовое селосында Шағалалы өзеніне батып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің денесі табылды.

Дәл осы күні Целиноград ауданының Караөткел ауылында Қарасу өзеніне суға батып кеткен Астана қаласының тұрғыны 6 жастағы баланың денесі шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/838995-aqmola-oblysynda-sugha-batyp-ketken-3-ad.html