RU

Танымал әнші Алтынбек Тәшімбетов мемлекеттік қызметке ауыспақшы

Әнші Алтынбек Тәшімбетов мемлекеттік қызметке орналаспақ. Ол енді «Гүлдер» ансамбілінің әншісі атанады.

"Қазір құжаттар мәселесімен жүрмін. Алдағы күндері жаңа қызметке тұрамын. Әрине, аздап, қобалжу бар. Мені бұл қызметке белгілі әнші, танымал композитор Арман Дүйсенов шақырды. Үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс болған соң маған артылған сенімді ақтауға тырысамын",- дейді Алтынбек.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын әнші жігіт жаңа бейнеклипінің тұсауын кескен болатын. Қазір өнер иесінің ән қоржынында бірнеше ән жиналып үлгерген.

Енді толығымен шығармашылыққа ден қойған Алтынбек жеке есеп беру кешін өткізуді жоспарлап жүргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/839302-tanymal-anshi-altynbek-tashimbetov-mem.html