RU

Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Баландин су спорты түрлерінен Қазан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.

100 метрге брасс әдісімен жүзгендер арасында Баландин үздіктер қатарынан орын алды. Қазақстандық спортшы жартылай финалдық іріктеу жарысында 59,38 секунд уақыт көрсетіп, жалпы есепте үшінші орынға қол жеткізді.

Іріктеудегі ең үздік нәтиже Британиялық Адам Питиге тиесілі.  Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы, Оңтүстік Африкалық Кэмерон ван дер Бург екінші орынмен финалға өтті.

Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанып, жазғы универсиада ойындарында топ жарған Дмитрий Баландин енді әлемдік сайыстың жүлдесіне таласады. 100 метрлік брасстың мықтылары бүгін анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/839379-qazaqstandyq-zhuzgish-dmitriy-balandi.html