RU

Әзербайжандық трансвестит Литваның махаббат символына айналды (фото)

Әзербайжаннан шыққан трансвестит еркек Литвада әйелге айналып, осы елдің махаббат символы атанды. Бұл туралы Delfi порталы хабарлады деп жазады ras.kz.

«Рига жұртшылығы биылғы көктемде өткен сән апталығына Агнес келгенде, оның сол елдегі атақты трансвестит Агнес Ландау екенін бірден біліп қойды. Осыдан кейін оның әлеуметтік желідегі фанаттары саны қатарына біздің де көптеген отандастарымыз қосылды», – делінген портал хабарламасында.

Қазір Агнес Ландаудың танымалдылығы күн санап көтеріліп келеді. Әсіресе, оның Instagram-дағы жазылушыларының саны күрт көбейе түсуде. Порталдың жазуынша, осы күні олардың қатары 28 мыңнан асып кетіпті.

Ал бүгінде Агнес болып, Балтық елдерін шулатып жүрген адамның шын аты-жөні – Рауль Мамедли. Ұлты әзербайжан болып келетін бұл жігітке өз елінде туылған кезінде осындай ат берілген.

Ол соңғы жылдары Литвада тұрып келеді. Бір жерде шаштараз болып жұмыс істейді. Ол өзін «Литваның махаббат символы» деп атайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/839519-azerbayzhandyq-transvestit-litvanynh.html