RU

Ақтаулық жүргізуші жол бойынан асықпай өткені үшін жаяу жүргіншіні ұрып тастады

Ақтауда жүргізуші жол бойынан асықпай өткені үшін жаяу жүргіншіні ұрып тастады.

Бұл туралы Lada.kz жазады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқиға қаладағы 13-ші ықшамауданда орын алған. Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылының 38 жастағы тұрғыны жаяу жүргіншілер жолы арқылы арғы бетке өтпек болады.

Ал жүргіншіге жол беруі тиіс жүргізушінің ойынша, ер адам мүлде асықпаған. Алдымен ол жүргіншіге айғайлап, балағаттай бастайды. Ал кейін көлігінен түсіп, жаяу жүргіншіні ұрып тастайды.

Ал беті-аузы қанға боялған жүргінші ауруханаға қаралып, жүргізушінің үстінен арыз жазған.

Бүгінде аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/839742-aqtaulyq-zhurgizushi-zhol-boyynan-asyqp.html