RU

"Angry Birds 2" ойыны жарты күннің ішінде 1 млн рет жүктелді

Angry Birds 2 ойыны жарық көрген жарты күн ішінде App Store мен Google Play арқылы 1 млн рет жүктелген.

Ал 2 тәулік ішінде ойын 5 миллионнан астам рет жүктелген, деп хабарлайды YLE News.

Бір қызығы, Angry Birds 2 осы желіде реттік нөмір берілген алғашқы ойын болды. Мұнда да құстар талпақ танаулардың жұмыртқаны ұрлауына «ашуланып», олармен тіршілік үшін күресті одан әрі жалғастырады.

2015 жылдың наурызында ойын авторы Rovio компаниясы өткен жыл қорытындысы бойынша ойындарды сатудан түскен пайдасы 16%-ға артып, €110,7 млн құрағанын жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/839932-angry-birds-2-oyyny-zharty-kunninh-ishinde-1-mln-ret-zh.html