RU

Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап, кейін өлтірген ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге сотталушы мемлекетке генетикалық және басқа да сараптамалар жүргізгені үшін 2 млн теңгеге жуық төлеуі тиіс, деп хабарлайды lada.kz.

«3 тамыз күні  облыстық сот мамыр айында 8 жасар Фарида Сәлімованы зорлап, кейін өлтірген Мақұлбековке қатысты  шешім шығарды. Оған ерекше режимдегі колонияда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазады басылым.

Іс материалы бойынша, айғақтардан бөлек, генетикалық сараптама қорытындысы бойынша мәйіттен табылған биоматериал 25 жастағы сотталушыға тиесілі екені белгілі болды, сондай-ақ қосымша айғақ ретінде қыздың мәйітінің қасынан табылған ұялы телефон болды.

Алдымен ер адам ұялы телефон өзінікі екенін айтып мойындады, кейін ол сөзінен айнып, телефонын екі жыл бұрын жоғалтып алғанын айтқан.

Фариданың ата-анасы қылмыс болатын күні көрші үйіне барып қыздарын көрген-көрмегенін бірнеше рет сұрағандарын айтты.

«Ол маған қызды көрмегенін айтты. Ал күйеуіме қыздармен кеткенін көрдім деп айтыпты», - деп есіне  алды қыздың  анасы Құндыз Сәлімова.

Іс материалдары бойынша, қылмыс болған күні сотталушы Сайөтес кентінен кетіп қалмақ болған. Іздеу жұмыстары барысында полиция оның заттары чемоданға салынып тұрғанын көрген. Егер де ауыл тұрғындары оны өздері ұстап алмағанда ол полициядан қашып кетер еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/839940-manhghystauda-8-zhasar-qyzdy-zorlap-oltir.html