RU

Қытайда эскалатор еден жуушыны аяғынан айырды (видео)

Қытайдың Шанхай қаласында эскалатордан ақау шығып, соның кесірінен жергілікті тұрғын аяғынан айырылды.

https://youtu.be/2NfYZiS60yo

Жантүршігерлік оқиға Қытайдың алпауыт шаһарындағы сауда үйінде болған. Алып дүкендегі камера түсіріп алған бейнежазбадан еден жуушының жұмыс істеп тұрған қозғалмалы баспалдақты тазаламақ болғаны байқалады.

Эскалатордың жоғарыға көтеріліп, еденге жалғасатын тұсында кенет шұңқыр пайда болып ер адамның аяғы соның ішіне кіріп кетеді.

Оқиға орнына жеткен мамандар сауда үйі қызметшісінің сыртқа шығуына көмектесіп, ауруханаға жеткізеді. Алайда ақхалаттылар ер кісінің сол аяғын аман алып қала алмады.

Дүкен басшылығы оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Алдын ала болжам бойынша, бұған эскалатордың дұрыс қолданылмауы себеп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/840034-shankhayda-eskalator-eden-zhuushyny-ayaghy.html