RU

Уилл Смит 17 жыл отасқан жұбайымен ажырасатын болды

Голливудтағы ең үлгілі жұптардың бірі саналған Уилл Смит пен Джада Пинкетт-Смит ажырасқалы жатыр.

Бұл туралы шетелдік ақпарат құралдарына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Олардың ажырасуына бір-бірін түсінбеуі себеп болған. 17 жыл бойы отасқан Уилл мен Джада ажырасуға өте салқынқанды қарайтындарын айтқан.

Олар өзара келісім жасап, 240 миллион долларға бағаланған мүліктерін бөліп алмақшы.

Ал танымал жұлдыздардың 17 жастағы ұлы Джейден мен 14 жастағы қызы Уиллоудың кіммен қалатыны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/840565-uill-smit-17-zhyl-otasqan-zhubayymen-azhyra.html