RU

Криштиану Роналду түрін өзгертіп, көшеге шықты (фото, видео)

Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубының атақты ойыншысы Криштиану Роналду көшедегі жұртқа ерекше тосынсый әзірледі, деп жазады Yenisafak.com-ге сілтеме жасап 24.kz.

Арнайы грим арқылы түрін өзгертіп, жасанды шаш, мұрт пен сақал таққан ол Мадрид көшесіне қақ ортасында еш алаңсыз доп тебе бастаған.

Жұлдыз ойыншы көшедегі өтіп бара жатқан тұрғындарды ойынға тартып, пас бере бастайды. Десек те, бұған кейбірі қосылса, көбі енжарлық танытып, өтіп шыға кете береді.

Кейін өзімен ойнаған балаға әлгі добына қолтаңбасын қойып, сыйға тартады. Жасанды шаш, мұрт пен сақалын шешкеннен кейін жиналған жұрт сүйікті футболшыларын танып, әбден таңғалады.

https://youtu.be/Q7jd12Cs3bc

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/840800-krishtianu-ronaldu-turin-ozgertip-kosh.html