RU

Қазақстандық саяхатшылар Бейжіңде жыртылған Қазақстан туын жаңасына ауыстыруды талап етті (видео)

Бейжіңдегі сауда үйлерінің бірінде қазақстандық саяхатшылар тобы ілінген әр мемлекеттің тулары арасында Қазақстан туы жыртылып қалғанын байқаған. Олар сауда үйінің басшысына туды ауыстыруын талап етіп, әр сәтті видеоға түсіріп отырды.

https://youtu.be/de2mAvF02rA

"Біздің ту жыртылып қалыпты, соған біз ауыстыр деп айтып жатырмыз. Қазақстанның туын алмастыратын болды. Бұл өте дұрыс болды", - дейді виедоға түсіріп жүрген азамат.

"Біз туды мұндай жағдайда көріп, қатты көңіліміз түсті. Сауда үйінің әкімшілігіне ескертіп, өз ренішімізді білдірдік. Қытай азаматтарына разымыз. Олар кешірім сұрап, жарты сағат ішінде Қазақстан туын жаңасына ауыстырды", - дейді қазақстандық Ерзат Кәрібай.

Видео соңында саяхатшылар өздерін таныстырып өтіп, Семей қаласынан екендерін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/841948-qazaqstandyq-sayakhatshylar-pekindegi.html