RU

Алматыда жолды бөлісе алмаған көліктер жарнама бағанын қиратты

Алматыда жеңіл көлік жарнама бағанын қиратты. Жол апаты бүгін, 5 шілде де таңертең Наурызбай-Төле би көшелерінің қиылысында болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «Лада» мен «Мерседес» көліктері жолды бөлісе алмай, біріншісі сол жақтағы жарнама бағанын сұлатып барып тоқтаған. 

Жол апаты салдарынан «Ладаның» жолаушысы мен жүргізушісі жарақат алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. 

Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/842028-almatyda-zholdy-bolise-almaghan-kolikt.html