RU

Қазақстан "EXPO 2017" көрмесінде не ұсынатынын әзірге білмейді

Қазақстан әзірге "EXPO 2017" көрмесінде не көрсететінін білмейді. Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі бұл мәселені қарастыруға жақында ғана кіріскені белгілі болды.

Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

ОКҚ брифингі барысында журналистер халықаралық көрмеде еліміз энерготиімділіктің қандай жетістіктерін ортаға салатынын білмек болып, сауал жаудырған.  Алайда Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау сұрақтарға жауап бере алмайтынын жеткізді.

"Экспоны" толтыруға келетін болсақ, өкінішке қарай, мен бүгін нақты жауап айта алмаймын. Бір айтарым, кеше ғана жиын өткізілді. Біз "ЭКСПО-ның" бұл сатысына біртіндеп келе бастадық, (…) тапсырма да бар. Бұл күндері  ұлттық контентті толтырумен айналысудамыз. Өздеріңіз білесіздер, көрмеде "Болашақтың энергиясы" тақырыбына ден қойылмақ. Негізінен жаңа, дәстүрлі емес энергия көзі мәселесіне баса назар аударылатын болады.  Қазақстан осы тұрғыда өзін жақсы жағынан көрсетіп, барынша трансферттерді тартуға күш салуы керек", - деп түсіндірді Альберт Рау.

Көрменің басталуына 674 күн қалды. "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрменің өту мерзімі 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін созылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/842149-qazaqstan-expo-2017-kormesinde-ne-usynatyny.html