RU

Жамбыл облысында белгісіз жәндік шаққан жігіт қайтыс болды

Жамбыл облысының тұрғыны белгісіз жәндік шағып алған соң, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Жуалы ауданында орын алған, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«4 тамыз күні Жуалы АІІБ-не бір күн бұрын сағат түнгі 2:00-де Жуалы ауданының Орталық аудандық ауруханасына Ертай ауылынан «беймәлім этиологиясы бар кома» диагнозымен ОҚО-ның 25 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келді. Пациент есін жимастан көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз жәндіктің шағу фактісі анықталған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Марқұмның денесі Тараз қаласының мәйітханасына жеткізілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/842452-zhambyl-oblysynda-belgisiz-zhandik-shaq.html