Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда педофил 9-шы сынып оқушысын өзен жағасында зорлаған

Опубликовано:

Талдықорған қалалық ІІБ-ның кезекші бөлімене «Үй тас» саяжай қоғамының тұрғыны телефон шалып, көрші үйде тұратын қыз баланың зорланғаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлерге жасын тыя алмаған қыз бала 9-шы сыныпта оқитынын, жазғы демалыс кезеңінде Талдықорған қаласындағы орталық базардағы дүкендердің бірінде жұмыс істегенін айтып берді.

Зорлаушы оған көпірден өткен сәтте шабуылдап, күш қолданып, Қаратал өзенінің жағасындағы нулы жерге апарып, арам ойын іске асырған.

Оқиға орнын тексеру кезінде полицейлер қыз баланың іш киімдері мен заттарын анықтады.

Аталған фактімен қылмыстық іс қозғалды, педофилді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/843153-taldyqorghanda-9-shy-synyp-oqushysyn-zorl/

pixel