RU

Павлодар облысында 4 жасар бала жоғалып кетті

Павлодар облысында 4 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті деп хабарлайды 24.kz.

Тәртіп сақшыларына сәбидің ата-анасы кеше кешкі сағат 17.50-де хабар берген.

2011 жылы туған сәбиді соңғы рет канал маңынан көргендер бар. Оның суға ағып кетуі мүмкін дейді тәртіп сақшылары.

Қазіргі таңда іздеу жұмыстарына 4 адамнан тұратын құтқарушылар жасағы мен 1 техника, Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, ішкі істер бөлімінің полицейлері жұмылдырылған.

Баланың қайда екені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/843449-pavlodar-oblysynda-4-zhasar-bala-zhoghaly.html