Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек мигранты Қазақстанда жұмыс істеудің қаншалықты пайдалы екенін айтты

Опубликовано:

мужчина идет по пляжу
Фото: UGC

Өзбекстандық мигранттардың нәпақа табу үшін неліктен Қазақстанды таңдайтыны және олардың айына орта есеппен қанша жалақы табатыны белгілі болды.

Бұл туралы Gonzo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Өзбекстанда еңбек миграциясының ең маңызды мәселе екені белгілі. Елдегі жұмыссыздық деңгейінің жоғарылуы Өзбекстан азаматтарының ақша табу үшін шетелге тентіреп кетуіне себеп болып отыр.

Рубль құлдырағанға дейін Ресей өзбек мигранттарының басты бағыты болатын. Алайда, рубль бағамының төмедеуі мыңдаған өзбек мигранттарының Ресейде жұмыссыз қалуына себеп болды. Осыдан соң, көршілес Қазақстанға ағылған өзбек мигранттарының саны арта түскен.

Жалпы, Қазақстанда Өзбекстан азаматтары 2000-шы жылдардың басынан бері жұмыс істей бастады. Алдымен Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өсірумен айналысқан олар кейін Астананың құрылысына белсене кірісіп кетті.

Жавлон есімді өзбекстандық жұмысшы осыдан үш жыл бұрын Ресейдің суығына төзе алмай, туған жері Қоқанға қайтып келген. Алайда, елінде екі қолына бір күрек табылмаған соң, Алматыны бетке алады.  Оның айтуынша, Қазақстанда Ресейдегі секілді қиындықтар жоқ.

«Мұнда Өзбекстандағы сияқты жылылық бар. Адамдары да бізге ұқсайды. Бастысы, сенімді прораб тауып алу керек. Содан соң, жұмыс жүре бастайды», - дейді ол.

Жавлон Алматыда үй мен пәтерлерді жөндеу арқылы бір айда шамамен 700-1000 АҚШ доллары көлемінде пайда табады.  Қазақстандағы миграциялық полиция да Ресейдегідей қатал емес. Мұнда мигранттарға қазақ тілін, елдің заңы мен тарихын білу міндеттелмеген.

«Басты қиындық деп шекарадан өтетін кезді айтсам болатын шығар. Қазақстанға өту үшін 5-6 сағат күтуге тура келеді», - дейді ол.

Қазақстандағы өзбек мигранттарының санын нақты айту мүмкін емес. Өйткені, Қазақстанға визасыз кіретіндіктен, кімнің жұмысқа, кімнің демалысқа келгенін аңғару қиын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/843485-ozbek-migranty-qazaqstanda-zhumys-ist/

pixel