Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында бомба туралы жалған мәлімет салдарынан төрт рейс тоқтатылды

Опубликовано:

Астана әуежайында бомба туралы жалған мәлімет салдарынан төрт рейс тоқтатылды деп хабарлады бейсенбіде әуежайдың маркетинг және қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

"Жарылғыш затты іздестіру кезінде 4 рейс тоқтатылды, олардың біреуі Қазанға халықаралық рейс болатын. Осы уақытта Астанаға ұшып келген үш рейстің жолаушыларын әуе кемесінің бортында мәжбүрлеп ұстаған", — делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2015 жылы 6 тамызда сағат 09.08-де Астана қаласы әуежайының анықтама қызметіне жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон арқылы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел топ шықты. Аумақ қоршауға алынып, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды.

Көліктегі ІІД қызметкерлері арнайы құрылымдармен соның ішінде кинологиялық қызметпен бірлесіп, әуежай терминалы мен оған тиесілі аумақты тексеріп шықты.

Жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша сағат 10.56-да жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат расталмады.

Барлық жолаушылар мен келушілер терминалға кіргізілді. Астана қаласының әуежайы штаттық жұмыс режіміне көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/843848-astana-auezhayynda-bomba-turaly-zhalgha/

pixel