RU

ШҚО-да 48 жолаушысы бар рейстік автобус аударылып қалды

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен-Бахты тас жолында ішінде 48 жолаушы бар рейстік автобус аударылып қалды деп хабарлайды 24.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан әртүрлі жарақат алған 11 адам ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқыс оқиға орын алған жерде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жұмыс жасап, жол апатының не себепті болғандығын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/844151-shqo-da-48-zholaushysy-bar-reystik-avtobus.html