RU

BMW қожайындарының бірі, Германияның ең бай әйелі дүниеден өтті

BMW автомобиль концерні иегерлерінің бірі және Германияның бай әйелдерінің бірі Йоханна Квандт 89 жасында дүниеден өтті, деп хабарлады РИА Новости немістің Spiegel басылымына сілтеме жасап.

Өнеркәсіпші Герберт Квандттың жесірі дүйсенбі күні немістің Бад-Хомбург қаласындағы өз үйінде көз жұмды, ол жалғызілікті өмір сүрген болатын.

Квандт өзінің қызы Сузанна Клаттеннен кейінгі Германияның ең бай әйелі болды. Forbes журналының мәліметтеріне қарағанда, Квандттың дәулеті 11,8 миллиард долларға жуықтаған.

Отбасы BMW компаниясы акциясының 47 пайызға жуығын, сондай-ақ Altana AG фармацевтік компаниясының акцияларын иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/844729-bmw-qozhayyndarynynh-biri-germaniyanynh-enh.html