RU

Қазақтар қымызымызды патенттеп алды деп айыпталған неміс кәсіпкері ат-тонын ала қашты

Алты мың жылдық тарихы бар ұлттық сусын қымызды немістер патенттеп алды деген ақпарат шындыққа сай емес болып шықты. Мұны германиялық бизнесмен Ганс Цольман 24.kz арнасына өзі хабарлады.

Германиялық кәсіпкер қымыз сөзсіз мал баққан көшпелі қазақтың ұлттық сусыны деп мойындады. Ол тек қымыз сөзін алмастырып, «Кумылак» деген атауды патенттепті.

"Мен қазақтың қымызын қалай патенттеймін, ойлаңыздаршы?! Егер мен бұл сусынды өзім ойлап тауып, алғаш рет әлемге дәмін татқызсам, онда әлбетте, құқым болар еді. Сондықтан немістер қымызды иеленіп алыпты деген дақпырт сөз болып табылады", - дейді Ганс Цольман.

Қымыздың қазаққа тән екенін баяғыдан білетін ол кәсібінің сырымен бөлісті. Қымыздан түрлі өнім шығаратын неміс кәсіпкері Қазақстанда жаңа ашылған бие сүтін өңдеу кешеніне шақырылып, тәжірибесімен бөлісуде.

Өз ауласына бие байлап, күбі пісуді білетін Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемдегі ең ірі өндіріс орны болмақ. Жылқының бабын табу үшін жапан далада, әдейі шөбі бітік шабындықтары бар аймаққа салыпты. Тебіндеп жайылуға құмар қазақтың жабы тұқымдас жылқыларын алыпты.

Сонымен қатар неміс кәсіпкері елбасы айтқан ұлттық брэндтің бірі саумалдың құрғақ түрін жасау әдісін білетінін де жасырмады.

Сауда ұйымына мүше қазақ елі нәрлі саумалын осы күзде экспорттай бастайды. Оны Еуропа келісін 240 еуродан, Қазақстан 170 еуродан саудаламақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/844779-qymyzdy-nemister-patenttep-aldy-dege.html