RU

Қазақ-қырғыз шекарасының ашылу салтанатына қос елдің президенттері қатысады

Қазақстан-Қырғызстан кеден шекарасының салтанатты ашылу рәсімі екі мемлекет президенттерінің қатысуымен келесі аптада өтеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп жазады BNews.kz.

Оның мәліметінше, шекараның ашылу салтанатына Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекет басшылары қатысады деп күтілуде. Алдын ала жоспар бойынша іс-шара келесі аптада өтеді, әзірге нақты күні белгісіз.

ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекет қырғыз елінің Одаққа қосылуы туралы Шартты ратификациялау процесін аяқтады. Осылайша Қырғызстан Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения елдерімен бірге ЕАЭО-ның бесінші мүшесі атанып отыр.

Алдын ала жоспар бойынша, келесі аптада қырғыз-қазақ кеден шекарасы салтанатты түрде ашылады.

Бұған дейін қырғыз тарапының кедендік бекеттер мен өткізу пунктерін, зертханаларды ЕАЭО стандарттарына сай келетін қажетті жабдықпен жарақтандырғаны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/844960-qazaq-qyrghyz-shekarasynynh-ashylu-salta.html