RU

Анасын балағаттаған ақмолалық 10 тәулікке қамалды

Анасына тіл тигізген Ақмола облысының 24 жастағы тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Сотта азамат өз анасына ұрыс-жанжал тудырып, балағат сөздер айтып, сыйламаушылық жасай отырып, тыныштығын бұзғаны анықталды.

"Жақсы аудандық сотының қаулысымен азамат В. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Кодексінің 73-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, он тәулік мерзіміне әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды", — делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/845123-anasyn-balaghattaghan-aqmolalyq-10-tauli.html