RU

Сот Жұмағұловтың 200 миллион теңге көлемінде өтемақы талабын қараусыз қалдырды

Сот Әліби Жұмағұловтың 600 мың теңге көлеміндегі материалдық және 200 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын ретінде өтемақы төлеу туралы талабын қараусыз қалдырды.

Сот барысы кезінде зардап шегуші мен оның өкілдері талаптарының қараусыз қалдыруына өтініш білдірген. Дегенмен, адвокат Айтқалиева азаматтық талабын орындау және оның көлемін азаматтық сот өндіріс тәртібінде соттың қарастыруына өткізу құқығын өздеріне қалдыруды сұрады.

Алайда, судья бұл талап дәлелдер жоқтығына байланысты азаматтық сөт өндіріс тәртібінде қанағаттандырылмайтынын айтты.

Естеріңізге салсақ, зардап шегуші жақ 600 мың теңге көлемінде материалдық және 200 миллион теңге көлемінде моральдық шығын ретінде өтемақы төлеуді талап еткен.

Белгілі болғандай, бүгін Астана қаласының қылмыстық істер бойынша арнайы ауданаралық соты "Әліби ісі" бойынша үкім шығарды. Сот шешімі бойынша Қайрат Жамалиев мүлкі тәркілене отырып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Арман Әбілтаев мүлкі тәркілене отырып, 12 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Анатолий Прибытков мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/845399-sot-zhumaghulovtynh-200-million-tenhge-kolem.html