RU

Испан ғалымдары адамның жасын ұзартатын дәрі ойлап тапты

Әлемде адамның жасын 135-ке дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жастық эликсирінің ойлап табылғаны туралы мәселе талқыланып жатыр.

Бұл туралы «Москва 24» телеарнасы хабарлады деп жазады ras.kz.

Осыған орай, жаңалықты ашушы испан ғаламдары адамзат баласының ұлы жаңғыртулар қарсаңында тұрғанын айтады.

Адамды мерзімінен бұрын қартайтатын сирек ауруларды зерттеп жүрген Овьедо университетінің қызметкерлері өз жаңалықтарын тышқандарды тәжірибеде қолдану арқылы ашқан. Олар аталмыш жәндіктерге экспериментті молекулаларды егіп көргенде, ғаламат нәтижеге қол жеткізген. Яғни,  тышқандар жасарып сала берген.

Ғалымдар осы жұмыс барысында ствол жасушаларының пайда болуына әсер ететін белок-реттегіштің әрекетін жауып тастаудың орайы келіпті.

- Енді тек адам өмірін ұлғайтатын дәріні жетілдіре түсу ғана қалып тұр, деп хабарлайды «Москва 24» телеарнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/846037-ispan-ghalymdary-adamnynh-zhasyn-uzarta.html