RU

2016 жылы алғаш рет көлемі футбол алаңындай әуе кемесі ұшырылады

2016 жылы әлемдегі ең үлкен Stratolaunch ұшағының алғашқы ұшуы болады. Бұл әуе кемесі Мохабе шөлінде (Калифорния штаты) құрастырылған деп жазады planet-today.ru.

Алып ұшақтың салмағы - 600 тонна, қанаттарының ұзындығы - 117 метр. Егер оны футбол алаңына орнатар болса, алаңның шеттерінен 5 метр жерге дейін сыртқа шығып тұрмақ.

Айта кетсек, 28 шасси дөңгелегі мен 6 реактивті қозғалтқышпен жабдықталған. Ұшақ "Рух" деген атауға ие. Ол аңыздағы алып құстың аты.

Компания бұл әуе кемесін әлемдік рекорд жасау үшін құрастырмаған. Оның негізгі тапсырмасы ғарыш спутнигін  орбитаға шығару болған. Ұшақ орбитаға алты тоннаға дейін жүк тасымалдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/846225-2016-zhyly-alghash-ret-kolemi-futbol-alanhynd.html