RU

Белгілі қазақстандық сазгер үстел теннисіне арнап әнұран жазып шықты

Қазақстандық танымал сазгер Марат Омаров үстел теннисіне арналған әнұран жазып шықты, деп хабарлайды sports.kz.

Шымкентте аула клубтарының спартакиадасы аяқталды. Пинг-понгты сүйіп ойнайтындар үшін соңғы күні шеберлік сыныбын әнші-сазгер Марат Омаров өткізді.

Ол үстел теннисін бала кезінен жақсы көретіндіктен, аталған шараға қатысуға қуана-қуана келіскенін жеткізді. Тіпті, сазгер жақында осы спорт түріне арналған әнұран жазған болып шықты.

«Мен үстел теннисін сүйіп ойнаймын, тіпті осы спорт түріне арнап «Мен теннис ойнаймын», деген әнұран жазып шықтым», - дейді Омаров.

Аталған шараға 6 аула клубынан 100-ге жуық бала қатысты. Жалпыкомандалық есеп бойынша «Денсаулық» аула клубы жеңімпаз деп танылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/846629-belgili-qazaqstandyq-sazger-ustel-te.html