RU

Қазақстандық шахматшы әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді

Қазақстандық жас шахматшы Динара Сәдуақасова қыздар арасында ФИДЕ әлемдік рейтингісінің ТОП-100-дігінде бірінші ондыққа енді.

Бұл туралы Жансая Әбдумәлік өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«2015 жылдың тамыз айында Жансая Әбдумәлік қыздар арасындағы ФИДЕ әлемдік  ТОП-100 рейтингінде 11-ші орында. 9-шы орында да қазақстандық Динара Сәдуақасова, ал Бибісара Асаубаева 72-ші орында», - деп бөлісті Жансая.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/846633-qazaqstandyq-shakhmatshy-fide-reytingi.html