RU

Отандық жұлдыздар Бауыржан Байбекті жаңа қызметімен жарыса құттықтады

Бауыржан Байбектің Алматы қаласына әкім болып тағайындалуы отандық шоу-бизнес жұлдыздарын бей-жай қалдырған жоқ. Еліміздің беткеұстар әншілері мен өнер қайраткерлері Байбек мырзаға толассыз құттықтау лебіздерін білдірді.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа әкіммен бірге Алматының да өзгеретініне сенімді.

«Алматы өзгеріске дайынсың ба? Жастар жасасын. Алматы халқы риза шығар», - деп жазды ол.

Әнші Айқын Төлепберген болса, өзі қалада болмаған кезде басшылықтың алмасып кеткеніне таңданыс білдірген.

«Екі күнге ұшып кетіп едік, билік ауысып кетіпті», - дейді таңданысын жасыра алмаған Айқын.

«Мемлекетшіл де іскер, бойына креатив пен қазақылықты тоғыстырған нағыз азамат Бауыржан Байбекті жаңа қызметімен, алматылықтарды жаңа әкімнің келуімен құттықтаймыз! Алматы жаңа тыныс алып, одан әрі көркейе беретініне сенімдіміз», - деп Қайрат Нұртас жаңа әкімге лебізін жолдады.

Мейрамбек Беспаев болса, жаңа әкімге деген сенімі жоғары екенін жазады.

«Алматы әкімінің жаңа қадамы құтты болсын! Ел игілігіне көп шаруа атқарады деп сенемін», - дейді Мейрамбек.

Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай да оңтүстік пен Алматы жұртын жаңа әкімдерімен құттықтады.

Қала әкімінің ауысуы Мәдина Сәдуақасова мен Сәкен Майғазиевтердің де назарынан тыс қалмады.

«Алматылықтарды жаңа әкімімен құттықтаймын! Әділ, кемеңгер, ізетті, мейірімді болсын деп тілеймін. Бауыржан мырза, жаңа қызметіңіз сізге және еліңізге абырой әкелсін! Алла жар!», - деп жазды әнші Жанар Дұғалова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/847332-otandyq-zhuldyzdar-bauyrzhan-baybekti.html