RU

Отандық әншілердің өміріне қауіп төндіретін кімдер? (видео)

Сахнада жарқырап көрінетін  жұлдыздардың өмірі бір қарағанда ертегідей болып көрінуі мүмкін. Алайда, олардың танымалдылығы  артқан сайын өмірлері де қауіпке толы болатыны анық.

https://youtu.be/xvq1soSAATo

Қызғаныш, көре алмаушылық, бәсекелестік. Міне,осы бір дүниелер танымалдылығы күн сайын артқан жұлдыздардың дұшпандарын көбейтеді.

Қасақана жасалған қастандықтар әсіресе әлемді мойындатқан жұлдыздардың өмірінде жиі болады. Поп-әнші  Бейонсқа осыдан екі жыл бұрын Бразилияда  өткен жеке концертінде қастандық жасалды. Шығармашылық кешінде белгісіз біреу сахнаның ортасында ән айтып тұрған жұлдыздың қолынан тартып, алып қашпақ болған. Тіпті, сол оқиғадан кейін әнші  концертін тоқтатуға тура келген.

Осыдан он жыл бұрын әнші Авраам Руссоның темір тұлпарына белгісіз біреулер оқ жаудырған. Сол кезде кеудесінен жарақат алған Руссо ұзақ уақыт өмір мен өлім арасында жатты. Кейін мәлім болғандай, әншінің продюсері бұл қадамға барғаны белгілі болды.

Ал талантының арқасында танымалдыққа ерте қол жеткізген әнші Джастин Бибердің жаулары жанкүйерлерінен де аз емес. Вермонт қаласында өткен кештерінің бірінде әншіні 45 жастағы ер адам галстукпен қылқындырып өлтірмекші болған. Өзінің сүйікті әншісіне бұлай қастандық жасауының себебін ол  жазған хатына жұлдыз мән беріп қарамауынан екен.

Ал отандық әншілердің өмірі  қаншалықты  қауіпті?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/847426-otandyq-anshilerdinh-omirine-qauip-ton.html