RU

Павлодардағы көлік апатынан 1 жарым жасар баланың бас сүйегі сынды

Павлодардағы Катаев-Радищев көшелерінің қиылысында екі жеңіл көлік соқтығысып, нәтижесінде бір жарым айлық сәби жарақат алды.

Бұл туралы дәрігер Анатолий Морозовский хабарлады деп жазады pavlodarnews.kz.

Маманның айтуынша, жол-көлік апаты кезінде көліктерде алты ересек және үш бала болған.

"Бір көліктің ішінде – бес, екінші машинада үш адам болды. Соқтығыстың салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың үшеуі - бес жасқа дейінгі балалар. Ең кішкентайы, бір жарым жасар бала бассүйегін сындырып алған. Қазіргі таңда облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр. Денсаулығының жағдайы тұрақты. Ал зардап шеккен аяғы ауыр әйел ауруханаға жатудан бас тартты", - дейді Морозовский.

Жол апаты орнында жедел медициналық қызмет пен апаттық медицина орталығының бригадалары жұмыс жасап, зардап шеккендерге көмек көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/847470-pavlodardaghy-kolik-apatynan-1-zharym-zha.html