RU

Алматының жаңа әкімі айтқан ең есте қаларлық пікірлер

41 жастағы Бауыржан Байбек 10 тамызда "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Алматы әкімі атанды. NUR.KZ оңтүстік астананың жаңа әкімі айтқан ең есте қаларлық пікірлерді назарларыңызға ұсынады.

Бүкіл қаланы басқару - оңай жұмыс емес. Қала басшысы тәжірибелі, білімді болумен қатар, елдің алдында шебер сөйлеп, көпішілкті өзіне қарата білуі тиіс.

Бауыржан Байбек өзінің бұрынғы қызмет орны "Нұр Отан" партиясына қатысты қызық пікір айтқан болатын. "Әр адамда тәнінен бөлек жаны да болады" деп ескерткен Байбектің пікірі ел есінде қалды.

"Әрине сіздерге адамдар жағдайы нашар болғанда келеді. "Нұр Отан" партиясына да дәл сондай жағдайда жүгінеді. Мәселелеріне шешім іздеп келеді. Үлкен ауыртпашылықтан көздеріне жас алып та жатады. Өткен жылда кардиоорталықты аралап жүріп, бір ойға шомып қалдым. Адам денесіне ем керек болса, дәрігерлерге жүгінеді. Ал жанына ем іздегенде "Нұр Отан" партиясынан көмек сұрайды. Яғни біз адамның жанымен айналысамыз. (…) Әр адамда тәнінен бөлек жаны да болады. Сол себепті біз сіздермен бірігіп, бір іспен айналысамыз", - деді Байбек тілшіге.

"Болашақ" бағдарламасымен Германияда білім алған саясаткер Байбек Қазақстан жастарымен кездесу барысында Германия жайлы әңгімелеп берді.

Ол кезде коммуналдық қызметтің ақысын көтеру мәселесі қызу талқыға салынған еді. Байбек бұл шара халықты үнемшілдікке үйретеді деген пікірді алға тартты:

"Мен Германияда оқыдым, ол жақта коммуналдық қызметке тіптен аз ақша шығарып жатқан үйлер бар. Коммуналдық қызмет өкілдері үй иесі өліп қалған болуы мүмкін деп келіп жатады. Дегенмен ол жақта тұратын әжей үнемдеп күн көріп жатқан болып шығады. Алдымен ол ыдысын жуады, кейін сол сумен еден жуады; алдымен балаларын жуындырады, кейін сол суға өздері жуынады. Міне, үнемдеу деп осыны айт", - деді Байбек.

"Германияда әрқашан түнде батареяны өшіріп, суды қойып қояды. Су мұздай бастағанда, жылуды қосады. Үй ыстық болса, таңертең қалжырап, шаршап тұрасың, өйткені суық кезде адам жақсы демалады. Бөлме суық болса, адам денесінің температурасы да түседі. Температура түскенде – дене демалады", - деп жалғастырды саясаткер.

Кей интернет-пайдаланушылар саясаткердің бұл пікірінен Алматы тұрғындарын күтіп тұрған қараңғы болашақтың белгілерін байқайтынын жазған.

Айта кетерлігі, Бауыржан Байбек өз отбасының президент Нұрсұлтан Назарбаевпен байланысы барын жасырмайтынын және іштей мақтан тұтатынын да жария етті:

"Әкем Қыдырғали мемлекет басшысымен бір класта оқыған. Бұл рас. Біздің отбасымыз мұнымен ешкімнің алдында мақтанған емес және оны жасырған да жоқ. Біз тек іштей мақтан тұтатынбыз", - деп ағынан жарылды Байбек.

Алматы тұрғындары Бауыржанның есте қаларлық бірталай пікірлерін әзілге айналдырып үлгерген екен.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Ахметжан Есімовтің орындалмаған 15 уәдесі

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/847531-almatynynh-zhanha-akimi-aytqan-enh-este-qa.html