RU

СҚО-да шенділер орыс императорына мүсіннің орнатылғанын кеш білдік деп ақталды

Николай II
Фото: UGC

СҚО-дағы Петропавлға жақын жерде орналасқан Архангельск ауылында Ресейдің соңғы императоры II Николайға мүсіннің орнатылуына байланысты шенеуніктер түсініктеме берді.

Бұл туралы Gonzo.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Дін мәселесі бойынша басқарма басшысы Мұратбек Зейнуллин мүсін туралы тек орнатылған кезде бір-ақ білгендерін алға тартты.

"Мүсін шіркеу аймағында орнатылған. Ол жерде оның (ІІ Николай) болғанын растайтын тарихи құжаттар барын айтты. Алайда олар мүсінді орнату кезінде біздің рұқсатымызды алмады. Мен қазір мүсінді қалдыру-қалдырмау мәселесі бойынша жауап бере алмаймын. Тексеріс пен сараптама жүргізу керек. Егер заңға қайшы деп танылса, алып тастау керек", - дейді шенеунік.

"Бұл мүсіннің орнатылуы елдегі ұлтаралық бірлік саясатына қайшы келмей ме?" деген тілшінің сауалына шенеунік жауап қайтара алмады. Дегенмен билік бұл мәселені тез арада шешетініне уәде берді.

"Мен олардың бұл әрекеті бізбен келісілмегенін және біз рұқсат бермегенімізді нақты айта аламын. Бұл мәселені біз қарастыратын боламыз", - деп сендірді Зейнуллин.

Яғни кәсіпкер, тіпті биліктің келісімін алмаған болып шықты.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан маңындағы ауылда орнатылған Сталиннің ескерткіші мен Көкшетаудағы Ленин ескерткіші біраз дау тудырған болатын.

Шамасы II Николайдың мүсіні де жаңа даудың басы болмақ.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

СҚО-да Ресейдің соңғы императоры II Николайдың мүсіні орнатылды

Түркістан маңындағы ауылда Сталиннің ескерткіші қалпына келтірілді

Көкшетау жастары қала көшелерінен Ленин ескерткішін алып тастауды талап етті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/848082-sqo-da-ii-nikolaydynh-musini-ornatyluyna.html